1.Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі. 2.Абайдың аударма саласындағы шеберлігі және жетістігі қандай?
3.Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге оқуының себебі неде?
4.Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясына қандай өзгеріс алып келді?
5. ХІХ ғасырдағы орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі.

gels5344Inetka gels5344Inetka    3   12.12.2020 08:09    0

Ответы
Kirill6767 Kirill6767  11.01.2021 08:09

Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті болды

Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды.

Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі.

ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, дейді М.Әуезов, – Лермонтов – «ерекше ызаның ақыны, «махаббаты ашумен уланған ақын». Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған».

Объяснение:

керегін жіктеп жаззып аласың ғой

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi