1. А және Ә мәтіндерін мұқият оқып, төменде берілген кестені толтыр. А мәтіні

Сәлеметсіз бе, Қарақат апай!

Сахна әлемінде алғаш ажарыңыз танылып, алғаш сахна әлемінің иісін сезген сәтіңізді айтыңызшы...

-Сахна әлемінде Қарақат болып 2000 жылы "Асыл әже" әнін орындап шықтым. «Азия дауысына» қатыстым. Қыдырмен "Аяулым" әнін дуэт қып орындадық. Сөйтіп, жылдар өте 2005 жылы Алматы қаласында "Ару ғұмыр" атты жеке концертімді бердім.

- Қазіргі таңда екі жанрда ән сомдап жүрсіз. Қай жанрға жаныңыз жақын? Эстрадалық па, әлде дәстүрлі ән бе?

- Мен домбырамен ән айтып бастағанымды мақтан тұтамын, халық әнімен сусындағаныма қуаныштымын. Егер домбырамен нақышына келтіріп ән айта алса, әншіге кез келген жанрдағы ән оңай келеді. Екі жанр да жаныма жақын.

- Мінезіңіз қандай?

- Мен өте бауырмалшылмын. Адамдарды өзіме тартып тұрамын. Шынайлықты сүйемін. Бес күндік өмірді қуанышпен, думандатып өткізгенді жақсы көремін.

- Алда қандай жоспарларыңыз бар?

- Жоспар көп. Бәрі уақытымен болады. Бастысы тыңдармандарымызды қай жағынан болсын қуантатын боламыз.

- Өзіңізді үш сөзбен сипаттаңызшы?

- Аяулы жар, асыл ана, бақытты әйелмін .

- Рақмет.

Сұхбат алушы: Дидар Толқынбекқызы

Ә мәтіні

Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!

Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонсын! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей! Сүйікті Қазақстанымыздың мерейі үстем болып, халқымыздың ауыз бірлігі арта берсін!

А мәтіні В мәтіні

Екі мәтіннің стилі

Екі мәтіннің жанры

Екі мәтіннің тақырыбы

Екі мәтіндегі негізгі ой (идеясы)

Көркемдегіш құралдары (эпитет)

Тілдік құралдары (қаратпа сөз, қыстырма сөз)

ответьте

ZolotoNaMoeyShee ZolotoNaMoeyShee    2   24.12.2020 09:54    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi