1. Ақын өзін 1- шумақта неге теңейді? (C чем себя сравнивает?)
2. Ақын неге «өлмеймін»,- дейді?
3. Ақын өзін 2-шумақта неге теңейді?
4. Ақынның мінезі қандай
cам стих:
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?»
1.Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
2.Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
3.Өзім – патша, өзім –- қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Мейірленсем – сегіз жұмақ қолымда,
Қаһарлансам – тамұқ даяр жолымда.
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын!

Diana22855 Diana22855    2   03.06.2020 14:41    4

Ответы
petrakovatatya petrakovatatya  06.08.2020 15:56

1)Ақын бірінші шумақта өзін арыстанға теңейді.

2)Ақын өлмеймін дейді,себебі өзінің артынан өлмес алтын мұра қалдырып кетті.Жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді.

3)Ақын екінші шумақта өзін көктегі Күнге теңейді.

4)Ақынның мінезі елі үшін қам жейтін айбарлы азамат деп ойлаймын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi