1. А.Ясауи сопылық ілімі, "Даналық кітабының" философиялық мәні туралы баяндаңдар.

vipmopmop vipmopmop    1   20.09.2021 16:38    7

Ответы
Andreykins1 Andreykins1  27.11.2021 14:14

Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.

Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi