[04.05, 10:02] Апай: Оқылым мәтіні
Атағы жер жарған айбынды қолбасшы Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасып, «Ақиқат пен аңыз» романын жазған Әзілхан Нұршайықовтың есімі елге жақсы таныс. Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның Халық жазушысы:
- Әкем –Нұршайық, Украинада оққа ұшты, ағайым-Ниғап, Ленинград қоршауында оққа ұшты, менің аулымнан соғысқа аттанғанда бірге едік. Бәріміз 22-ші жылғы едік, сол ғана аман-есен елге қайттық. Міне, солардың бәрі орны толмас өкініш қой...
Әзілхан Нұршайықовқа даңқты қолбасшы - Бауыржан Момышұлынан сұхбат алу тапсырылады. Тірісінде ешкімнен қорқуды білмеген батырдың алдына барғандағы естіген алғашқы айқайы да есінде жаңғырып тұр.
Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның Халық жазушысы:
- «Ол мақаланы саған мен жазуым керек пе? Кругом!», - деді. Сосын мен жалт бұрыла бере, - Бәуке, «дат»- деп, айғай салдым.
«Дат» деген қазақтың бір әдемі, ескі сөзі, ешкімнің аузына түсе бермейтін сөз Бәукеңнің көңілін қозғап жіберді ме, мырс ете түсті де,
- Датың болса, айт,- деді.
Бауыржан Момышұлымен 12 сағат сөйлесіп, 23 бет әңгіме жазып алған жазушы, өзіне тапсырылған 6 беттік мақаланың орнына 160 беттік дүние жазып шығады, толықтыра келгенде, одан 800 беттік роман-диалог туады. Төрткүл дүниеге тараған «Ақиқат пен аңыздың» арқасында қазақтың хас батыры Бауыржандай баһадүрмен кездескен ардагер үшін атақтан да ар қымбат.
1-тапсырма
1. Мәтіндегі соғыстың зардаптары туралы айтылатын сөйлемдерді табыңыз.
2. Мәтіндегі ақпараттардан Б.Момышұлын сипаттайтын сөйлемдерді тауып, мінез-құлқын сипаттаңыз.
[04.05, 10:02] Апай: 2-тапсырма Мәтінді оқып мәтін бойынша 2 проблемалық сұрақ әзірлеңіз.
1.
2.
[04.05, 10:02] Апай: 3-тапсырма Тұрақты тіркестердің мағынасын табыңыз, 3 тұрақты тіркеске сөйлем құрыңыз.
тайға таңба басқандай –
Екі езуі екі құлағына жету –
Жаны зәр түбіне жету-
Ит терісін басына қаптау –
Көзі шалу–
Кірпік қақпау –