0 Жеке кабинет
Online Mektep
Кесте
Үй тапсырмасы
Мұғаліммен байланыс
Күнделік
FAQ
06 ҚАЗАН
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ - 8 Д
АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ
САБАҚ
ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Чат ашу
Оқулықтағы ақпаратпен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап жаз.
Толғау деген не? (толық жауап жаз)
Ақтамберді Сарыұлының тарихтағы ерліктері туралы не білесің?
Ақтамбердіні неліктен жырау деп атаған?
> Толғау - қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған жанр. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "санатна-сыятырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқұрттар "қобайыр" деп атайды.
> Ақтамберді Сарыұлының тарихтағы ерліктері:
“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.
> себебі ол жауынгер-жырау санатына жатады. сондықтан халық оны Ақтамберді жырау деп атап кеткен.