Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс тақырыбына BEHН диаграмасын құрастыр Мәліметтер:
Жаңқожа Нұрмұхамедұлы:
Шекті руының билеушісі Жанқожа батыр Сыр бойындағы қазақтарды Қоқан , Хиуа хандықтарының экспансиясына қарсы жұмылдырды . XIX ғасырдың ортасына дейін хиуалықтар Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жерлерді , қоқандықтар Ақмешітке дейінгі жерлерді бақылауда ұстады . Жанқожа батыр Орталық Азияға қарай жылжып келе жатқан Ресейдің көмегіне сүйеніп , өз қарамағындағы қазақтарды оңтүстіктегі көршілердің озбырлығынан қорғауды ойлады . Ресей билігі батырға жасауыл деген атақ берді . Бірақ Жанқожа атақтан , бағалы сыйлықтан бас тартты .

Есет Батыр:Арал теңізінің солтүстік жағалауына жақын қазақтардың ұлт - азаттық қозғалысын Есет Көтібарұлы басқарды . Есет батыр бастаған көтеріліс 1838 жылы оның Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек бекінісіне шабуылынан басталды . Ал 1847-1848 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірігіп Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы күрес жүргізді . Бұл көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды . 1847 жылы шілдеде Ембі өзені аймағында Есет Көтібарұлы өзінің жасағымен 200 казактан тұратын Орынбор мен Омбының жазалаушы отрядына шабуыл жасады . Алайда нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіске жете алмады . Қайткен күнде де Есетті қолға түсіріп , оған Патша үкіметінің билігін мойындатуды мақсат еткен Орынбор билеушілері үсті - үстіне жазалаушы жасақ жіберді . 1855 жылы Есет батыр билеуші әкімшіліктің қолшоқпары сұлтан Арыстан Жантөреұлын өлтірді . 1858 жылы амалсыз Орынборда Патша үкіметінің билігін мойындауға мәжбүр болды .

ТЕК ВЕНН ДИАГРАММАСЫН ҚҰРЫП БЕРСЕҢІЗ БОЛДЫ)АЛДЫН АЛА РАХМЕТ)


Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс тақырыбына BEHН диаграмас

qwerty999999fgh qwerty999999fgh    3   14.01.2021 17:46    5

Другие вопросы по теме История