Юстиниан қандай басшы болды? Оның заңдары қаншалықты маңызды болды?​

lllaasaw lllaasaw    1   08.09.2020 12:28    44

Ответы
george39 george39  08.09.2020 13:01

Византия императоры. Шаруа отбасынан шыққан. Өзінің үлкен ағасы император Юстин І-нің көмегімен император сарайына жақын болып, мемлекеттік істерге үлкен ықпал етті. Таққа отырған соң империяның бұрынғы шекараларын қайта қалпына келтіруге тырысты. Жер иеленушілер мен құлиеленушілерге сүйенді, православие дінінен қолдау іздеп, сенаторлардың қарсылығын шектеуге тырысты. Мемлекеттік саясатта императордың әйелі Феодора үлкен рөл атқарды. Юстиниан І кезінде рим құқықтары толықтай қалпына келтіріліп, заң шығарушылық қызмет императордың шексіз билігін орнатуға, құл иеленушілікті нығайтуға бағытталды. Оның 536 - 538 ж. жүргізген реформалары мемлекетті орталықтандыруға жағдай жасады...

Туған жері: 11 Мамыр 482, Таврезиум, Дардания, Шығыс Рим империясы

Қайтыс болды: 14 Қараша 565 (83 жасында), Константинополь, Шығыс Рим империясы

Некеде: Феодора (525-548 жж.)

Ата-анасы: Савватий, Вигилантия

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История