Тариқшылар еңбектерінде қазақ пен ноғайлардың ханы деп атады​

VolandDrein VolandDrein    1   28.04.2020 08:03    2

Ответы
CatMyBoss CatMyBoss  28.04.2020 08:30

Хакназар хан

Объяснение:

оны тарикшылар казак пен ногайлардын ханы деп атады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
юлия30885 юлия30885  28.04.2020 08:30

байтақ жеріміз үшін, халықтың бостандығы жолында құрбан болған – Хақназар хан Қасымұлы Тәуелсіздікке дейін қазақтың хандары, интелегенция өкілдері, дін қайраткерлері, тарихи тұлғаларымыз тарихтан өз бағасын ала алмай келді. Өйткені кешегі қылышынан қан тамған советтік идеологияның керітартпа саясаты қазақтың төріне озғандарды елеп ескермеді. Қазақ Ордасын құрған ұлы хандарымыз да осы жолдың құрбанына айналды. Сол кездің шындығын риторикалық сұраққа салып, жауап іздеген қазақтың көрнекті ақыны  Ғафу Қайырбеков: Бір сұрақ осы күні мен аңғарған, Сұрап келем білікті адамдардан. Өзге жұрттың патшасы жақсы болып, Қазақ ханы неліктен жаман болған? – деген болатын.

Қазақ тарихындағы қай хан болсын, өзінің тарихтағы орнын жасады. Жау етектен алғанда, қан майдан даласында ұрысқа аттанды. Түн ұйқысын төрт бөліп, ұлы орданың тәуелсіздігі үшін ұйықтамады. Сол жолда Хақназар хан да шейіт болды. Бүгінгі қазақ Керей мен Жәнібекті, Қасым мен Абылайды, Кенесары хандарды жатқа білері анық. Ендеше сол хандармен тең тұратын, ең ұзақ билік еткен, қазақ елінің келешегі мен бүгіні үшін, ұлан байтақ жеріміз үшін, халықтың бостандығы жолында құрбан болған – Хақназар хан Қасымұлы. Жазып отырған мақаламызда Қазақ хандығының тәуелсіздігі, халықтың азаттығы жолында айрықша есімі қалған саяси қайраткер, баһадүр батыр, жауынгер қолбасшы Хақназар хан Қасымұлы туралы қысқаша деректерді ұсынбақпыз. 42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар XVI ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар хан ерекше қызмет атқарды.  Ол жасында әскер басы ретінде танылған жауынгер болатын. Әйгілі қазақ ханы Қасым ханның ізімен жүріп, оның ұлы ісін мұрат тұтқан хан Қазақ ордасының іргесін одан әрі бекітіп, кемелді мемлекетке айналдырды. Қазақ хандығы территориясын Еділге дейін кеңейтіп, әкесі нығайтқан хандықты одан бетер күшейтті. Шығыстан әлсін-әлсін шабуыл жасап тұратын қалмақтардың бетін қайтарды. Сол кездегі қуатты мемлекет Моғолстанға қарсы табанды күрес ашып, жеңіске жетті.  42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар хан тұсында Ноғай ордасы ыдырап, ондағы тайпалар Қазақ хандығына қосылды. Ол туралы ардагер журналист Бектұрғын Жамбабаев Хақназар туралы зерттеулерінде былай дейді:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История