Тапсырма:  «Тарих» сөзі қандай мағына білдіреді?​

Merlin6666 Merlin6666    3   03.11.2020 13:32    0

Ответы
Азека2008 Азека2008  03.12.2020 13:33

Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу) — а ң өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.

Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие.Халықсыз - тарих жоқ,тарихсыз - халық жоқ деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.

Анціентлібрарялех.жпг

Терминнің мәні Өңдеу

Тарих сөзі көне грек тіліндегі "сұрастыру", зерттеу" ұғымынан пайда болған. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажет болды. Көне Рим тарихнамасында (қазіргі заманда тарихнама тарихты зерттейтін тарих ғылымының бір саласы) бұл сөз тану мақсатында емес, әңгімелеу мақсатында қолданылған. Кейіннен тарих деп барлық оқиға, факт, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История