XVI ғасырдың соңғы 20 жылындағы кейбір ортағасырлық жазба деректерде Қазақ хандығының саяси тарихында ерекше рөл атқарған тұлға ретінде Тәуекел ханның есімі жиі кездеседі. Тәуекел хан – қазақ халқының этностық аумағы қалыптасуының аяқталу кезеңінде билікте болып, осы үдерісті соңына дейін жеткізген тарихи тұлға. XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандарының сыртқы саясатының басты мақсаты – қазақ жерлерін біріктіру болғаны белгілі. Тәуекел өзіне дейін билікте болған билеушілердің қазақ жерлерін біріктіру жолында жүргізген саясатын одан әрі жемісті жалғастырып, өзінен кейін тақ мұрагері болған туған інісі Есім ханға қазіргі кездегі Қазақ елінің аумағындай үлкен аймақты мұраға қалдырады.
Объяснение: