Төменде көрсетілген ұғымды анықтамасымен сәйкестендіреміз:
Ұғым Дұрыс жауап Анықтама
1. Реформация А) Адам идеясын ең басты құндылық деп санайтын көзқарас.
2. Протестант Б) Германияда сайланатын князь
3. Иезуит ордені В) Латын тіліндегі Мартин Лютердің жазған құжаты. Мұнда ол
Рим Папасының адамдардың күнәларын кешіруге байланысты
шексіз құқығы болғандығын және индульгенция сатып алу арқылы
кінәдан құтылу тәжірибесін сынға алады. Сонымен қатар, жалғыз
діни билік ретінде Қасиетті Жазбаны (Киелі кітапты) айқындады.
4. Гуманизм Г) Қорғасын мөрмен бекітілген ортағасырлық негізгі Папалардың
құжаты
5. 95 тезистер Д) Германиядағы Реформация мен шаруалар соғысының
манифесті, шаруалар құқықтары үшін күрестегі талаптарының бір
бөлігі
6. 12 бап Е) Ақшаға сатылатын, күнәсінің кешіру туралы хат
7. Курфюрст Ж) Еуропадағы XVI ғасырда Реформацияға байланысты
туындаған тәуелсіз шіркеулердің жиынтығы болып табылатын
христиан дінінің негізгі бағыттарының бірі.
8. Булла З) 1534 жылы Игнатий Лойола негізін қалаған монахтардың
Иисусқа табынатын қоғамы
9. Индульгенция И) Франциядағы діни соғыстар кезіндегі католиктер гугеноттарды
жаппай қыруы.
Ол 1572 жылдың 24 тамызында Парижде басталды (әулие
Варфоломей күні).
10. Діни соғыстар К) XVI ғасырда - XVII ғасырдың басында Батыс және Орталық
Еуропадағы Киелі кітапқа сәйкес католиктік христианствоны
реформалауға бағытталған діни және қоғамдық-саяси қозғалыс.
11. Варфоломей түні Л) XVI-XVII ғасырлардағы протестанттар мен католиктер
арасындағы Еуропадағы қарулы қақтығыстар сериясы
12. Протестантизм М) Реформация жылдарында пайда болған бірнеше тәуелсіз
христиан шіркеулерінің біріне жататын христианин

Зефирка170504 Зефирка170504    1   29.04.2020 18:18    11

Другие вопросы по теме История