Суды неліктен «тіршілік көзі» деп санайды? Судың тіршілік үшін маңызы туралы әңгімеле.

keksukYT keksukYT    1   03.05.2020 20:26    2

Ответы
DENTEX DENTEX  14.10.2020 06:23

ответ

«Су – тіршілік көзі»

Су-тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін, ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. «Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез — келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», — деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао — Цзы жазған болатын.

Барлық тірі ағзалардың 75 пайызы судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрылық арасындағы айналымды жүзеге асырады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История