ХІХ ғасыр үлкен халықтар арасында жер шарын бөлу ғасыры болды. Осынау жер шарының бір бөлігі іспеттес – Жетісу өңіріне ықпал етуге ХІХ ғасырдың басында Қытай, Қоқанмен қатарласа Ресей де ұмтылған-ды. Қазақстанның батыс, орталық және солтүстік шығыс бөлігін бағындырып алған Ресей империясы үшін қазақ даласын отарлаудың біршама «тәжірибесі» жинақталып, қазақтың сырын алғандай болған тұс еді.
1794 жылы орыс генерал-майоры Я.В. Боувердің император Екатерина ІІ жолдаған мәлімдемесінде Абылай ханның ұлдары Уәли – бүкіл Орта жүзді, Әділ сұлтан Ұлы жүздің басым бөлігін алғанын, ал қалған ұлдары олардың өз қарамағынан бөліп берген жерде билік ететінін жеткізген.