Проанализируйте текст песни елім ай


Проанализируйте текст песни елім ай

belkabymka belkabymka    2   14.09.2020 15:59    3

Ответы
ilyator ilyator  14.09.2020 16:01

Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең.Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді. "Қаратаудың басынан көш келеді" өлеңін ең алғаш рет ба зде жариялаған - М.Тынышбаев. Бұл жырды кейінірек А.Байтұрсынұлы, Ж.Досқараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер де жариялаған. Фольклор- танушы М.Оразаев тапсырған нұсқаны Ы.Дүйсенбаев зерттеген. Осы тарихи өлең туралы С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Н.С.Смирнова, Б.Уакатов, Г.Турсыновалар мақалалар жазды. Кейбір зерттеулерде (М.Оразаев нұсқасында) жырдың авторы ретінде арғын Топыш ақынның аты аталады, алайда мұндай кісі туралы дерек жоқ. Жыр өзінің жүрек тербейтін мазмұнымен қатар, әдемі де әуезді әуенге құрылған.

Объяснение:

Қаратаудың басынан

көш келеді,

Көшкен сайын бір

тайлақ бос келеді.

Мына заман, қай

заман: қысқан заман,

Бақыт құсы

ағаштан, ұшқан заман.

Көк аспаннан топырақ

шаң борады,

Күні суық қаңтарда,

қыстан жаман.

https://pesni.guru

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История