Орхон енисей ескерткіштерінен қандай мәліметтер алуға болады

5729 5729    3   03.11.2020 08:22    1

Ответы
sonyapanferova sonyapanferova  03.12.2020 08:23

Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) — мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдегіш құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра.

Қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Сібір жерлерін аралаған жиһангер өткен ғасырда өзгерген өңірдің салтанатты, әсем қалаларын, зәулім зауыттарын, алып фабрикаларын қызықтап-тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге бұл өлкелерден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де көз тоқтатып, тарих түбіне ой жіберіп өтері де ақиқат.

Ғылымының табыстары нәтижесінде сол көне ескерткіштерге, шексіз сахарада мүлгіп қалған меңіреу тастарға бүгінде тіл бітіп, іргелі ел болып қанат жайған түркі халықтарының бақытты ұрпағына тарих шежіресін баян етуде. Бір кездерде сақтар жайлаған, гундер шарлаған кең атырапты заманымыздың VI-VIII ғасырлары арасында үш жүз жыл бойы ұзын найзалы, жарау атты түріктер еркін билеген. Бертінде Дешті Қыпшақ аталған, моңғолдар ат тұяғына таптатқан бұл өлкені ежелден-ақ қазіргі түркі тілдес халықтардың түпкі төркіні болып табылатын көк түріктер мекен етуші еді.

Объяснение:

осы ма

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История