Николай патша неге тактан бастартты​

bodnarhuk83 bodnarhuk83    3   12.10.2020 02:10    0

Ответы
зайка583 зайка583  11.11.2020 02:12

Объяснение:

Николай ІІ патшалық еткен кезең Ресей экономикасының жедел даму дәуіріне тура келді. Өнеркәсіптің шапшаң дамуы жұмысшы қозғалысының және шаруалар толқуының күшеюімен қатар жүрді. Николай ІІ дамып келе жатқан революциялық қозғалысқа қарсы армияны, полицияны, сотты пайдаланды, ұлтшылдық пен шовинизмді қоздырды, агрессиялық сыртқы саясат жүргізді, ал бұл саясат 1904 – 1905 жылдарғы орыс-жапон соғысына душар етті.Орыс-жапон соғысында жеңілу елді 1905 – 1907 жылдардағы революцияға алып келді. Халық толқуынан жасқанған Николай ІІ кейбір жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды. Саяси партиялар жария жұмыс істей бастады.Столыпиннің аграрлық реформасы жүргізіліп, Қазақстанның, Сібірдің, Орта Азияның жергілікті тұрғындары өз жерлерінен ығыстырылды. Мемлекеттік думаны құрды (1906 жылы).

Сыртқы саясатта Ресей Антанта елдерімен жақындасып, Германия мен оның одақтастарына қарсы 1-дүниежүзілік соғысқа (1914 – 1918) қатысты. Орасан зор соғыс шығындары елді қатты тұралатты. Жұмысшылардың бас көтерулері мен шаруалар толқуы қайта күшейді, 1916 жылы Орта Азия мен Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті.

Елдегі саяси дағдарыс 1917 жылы Ақпан төңкерісіне ұласты. Николай ІІ тақтан өз еркімен бас тартуға мәжбүр болды. Ол тұтқындалып, Тобольскіге, Қазан төңкерісінен кейін Екатеринбургке жіберілді. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметінің қаулысы бойынша Николай ІІ және оның отбасы мүшелері Екатеринбург қаласында атылды.[1]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История