Неге Калахари шөлі ұлғайып келген?

pinjan2004 pinjan2004    1   31.10.2020 16:14    3

Ответы
Sanyapro2002 Sanyapro2002  31.10.2020 16:20

ответ:посмотри вниз

Объяснение:посмотри в верх

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
messiii45 messiii45  31.10.2020 16:20

Калахари (калаһарі, бечуа тілінде каррі – жан азабы деген сөз) – Оңтүстік Африканың орталық бөлігіндегі табиғи атырап. Африка платформасының Калахари синеклизасында орналасқан. Ангола, Замбия, Намибия, Ботсвана, Зимбабве және ОАР жерінде, батысы мен шығысында баспалдақты үстірттермен, солтүстігінде Луанда – Катанга жақпарлы тауларымен шектелген аса кең ойпаң. Солт-тен оңтүстікке қарай 2000 км-ге, батыстан-шығысқа қарай 1200 км-ге созылған, аум. 630 мың км². Абсалют биіктігі 1000 м. Ойпаңды басып жатқан құм төбелердің биіктігі 100 м-ге жетеді. Климаты, негізінен, тропиктік. Жылдық жауын-шашын оңтүстігінде 150 мм-ден солтүстігінде 1000 мм-ге дейін. Калахаридың солтүстігінен Замбези, оңтсүтігінен Оранж өзендері орай ағады. Көпшілік бөлігі ағынсыз, тұйық. Ішкі бөлігіндегі ең ірі өзені – Окаванго. Неғұрлым ылғалды Солтүстік бөлігінде (1000 мм-ге дейін) сирек орман, орталығында саванна, оңтүстігінде шөлейт пен шөл ландшафтысы орын алады. Оңтүстігіндегі Бакалахари көтеріңкі жазығын астық тұқымдас өсімдіктер мен жабайы қарбыз (тсамма), жабайы зәйтүн, сүттіген және сирек те болса қарағаннан тұратын құрғақ саванна алып жатыр. Аса ірі Калахари – Хемсбок, Ботсвана және Этоша ұлттық саябақтары бар. Жануарлар дүниесі Эфиопия биогеографиялық аймағының Оңтүстік Африка тармағына жатады. Халық өте сирек қоныстанған (1 км²-ге 1 адамнан келеді). Көпшілігі бушмендер.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История