Маңғыстау түбегінің құрлықаралық көш-керуен қозғалыстарына, әлемдік қан айналым процестеріне ілігу мезгілі ерте замандарға саяды. Өйткені бір жағында – Орта Азия, Шығыс Түркістан, Қытай, Үнді, Иран өркениеттері мен Азиядағы үндіеуропалық мәдениетінің ежелгі орталығы Тарим бассейні, екінші жағынан ежелгі грек мемлекеттері заманынан ірі сауда орталықтары саналатын Қара теңіз, Кавказ және Еділ бойы мемлекеттерінің арасындағы ұрымтал тұста жатқан Маңғыстау мен ежелгі Үстірт дүниенің экономикалық қан айналысынан тысқары қала алмады.