1202 жылғы төртінші крест жорығын III Иннокентий папа ұйымдастырды. Кресшілер қасиетті жерге теңіз аркылы бармақ болып, Венецияның кемелерін жалдады. Ақысын төлеуге ақшалары жетпей қалған соң, Венецияның оміршісі кресшілерді өздерімен бәсекелес Шығыс Рим империясының астанасына басып кіруге көндіреді. Сөйтіп кресшілер христиандар қаласы Константинопольді басып алып, оны талан-таражға салды. Еуропаның ең бай қаласын иемденген кресшілер Византияда өз мемлекетін қүрып, Палестинаға бармай қалды. Олардың мемлекеті Латын империясы деп аталып, 1261 жылға дейін өмір сүрді. Осы төртінші жорық кресшілердің құдайдың мүрдесін азат ету үшін күресушілер емес, өздерінің баюын ғана ойлайтын тонаушы басқыншылар екенін анық көрсетті.