ХVIII ғасырдың 20-жылдарының бас кезiнде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезектi iрi жорық жасауына қолайлыжағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлар мен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргiзiп келген Қытай императоры (боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтiп қалмақтардың Қытаймен бейбiт келiсiм жасауға қолы жеттi. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендiгi жерде қауiпсiз болды