Ерте орта ғасырдың сипаттампсы

нпапоащвщц нпапоащвщц    3   19.10.2020 13:26    0

Ответы
kos2008 kos2008  18.11.2020 13:27

Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны

Шаруалардың қоғамда атқаратын рөлі ортағасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойыншы анықталды. Ол теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді. Адамның өміріне жан қандай қажет болса, құдайға құлшылық етуші дінбасылар да қоғамға сондай қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып жүрген атқамінерлер адамның қолына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне ие болды. Ал шаруалар адамның аяғына теңестіріліп, жұмыс істеушілер деп танылды.

Бұл теория бойынша адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне қандай қажет болса, дінбасылары да,зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай қажет, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды делінеді. Сондықтан да олар әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста ешқандай талас-тартыссыз, ынтымақта өмір сүруі керек. Себебі адамның аяғы қолына, қолы жанына қарсы қастандық жасамайды.

Сөйтіп ортағасырда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға, олардың дене еңбегіне деген осындай озық көзқарас олардың қоғамдық өндіріске ынтасын арттырып, шарушылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История