Музыкалық аспаптар – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар.Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.