Бір орталықтан басқарылатын мемлекет дегенді қалай түсінесің​

hudia4 hudia4    3   05.10.2020 22:19    54

Ответы
Homoeopath Homoeopath  05.10.2020 23:01

Орталықтан басқарылатын экономиканың тиімсіздік мəселелері

/Политология /Экономика /Орталықтан басқарылатын экономиканың тиімсіздік мəселелері

Соңғы уақытта орталықтан басқарылатын экономиканың ұлттық үлгілері біртіндеп жойыла бастады. Жоспарлы шаруашылықтың əлемдік тəжірибесін қорытындылайтын болсақ, саяси себептерден басқа социалистік орталықтан басқарылатын экономиканың тиімсіздігін сипаттайтын келесі аспектілерді ажыратуға болады.

Біріншіден, экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік жоспарлар көбінесе волюнтаристік əдіспен құрылған, олар заң күшіне ие болғанымен заманға сəйкес болып орындалмады. Осындай жүйе тұрақты экономикалық өсуді қамтуға, техникалық прогресті дамытуға, халықтың əл-ауқатын арттыруға жол бере алмады.

Екіншіден, жоспарлы экономикада тұтынушылар қажеттіліктерін қамтуда мемлекеттік монополия орын алатын, ол тұтынушылар талғамын ескермейтін еді.

Үшіншіден, бағалар, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстың көрсеткіші рөлінен айырылып, ақпараттық жүйенің бұзылуына жəне ресурстарды тиімсіз пайдалануына əкеледі.

Төртіншіден, қоғамдық (мемлекеттік) меншік пайда болған таза өнімнің қоғамға бөлінуінің автоматты түрін қамтамасыз еткен жоқ.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История