Қазақ халқының зилы қауымы Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Томск,
Саратов университеттерінің заң, медицина
және т.б. факультеттерінде жоғары білім
алған болатын. Олардың қатарында М.
Қаратаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев, Б.
Қаратаев, Ә. Бөкейханов, Ә. Ермеков, Х.
Ғаббасов және т. б. болды. Ал, Ғ. Мусин Каир
университетін, Ж. Сұлтанаев пен А.
Тұнғаншин Варшава ветеринарлық
институтын, С. Шанов Стамбул
университетін және т. б. бітірді. Қазақ
жастарының жекелеген өкілдері Түркия,
Египет елдерінде мұсылмандық жоғары оқу
орындарында білім алды.