Қай ғасырда ассирия гүлденді​

mail000alomer mail000alomer    1   04.12.2020 12:17    2

Ответы
kaka932 kaka932  03.01.2021 12:35

Вавилонның солтүстігінде пайда болған ірі мемлекеттің бірі - Ассирия деп аталады. Ол қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік - шығыс бөлігінде пайда болған еді. Бұл аймақта Қосөзеннің оңтүстігімен салыстырғанда құнарлы жазықтықтар аз болды. Тек Тигр мен оған ағып келіп құятын Үлкен және Кіші Заб өзендерінің аңғарларында шағын жазықтықтар болды. Аймақтың негізгі бөлігі таулы, үстіртті болып келді.

Ассирияның шаруашылығында мал бағудың маңызы үлкен болды. Жылқы көлік ретінде де әскери күш ретінде пайдаланылды. Ассириялықтар - тасты құрылыс ісі үшін кең пайдаланған елдердің бірі. Ассирияда рулық, қауымдық құрылыс белгілері ұзақ сақталды. Отбасында әке негізгі рөл атқарды. Үлкен ұл мұраның көп бөлігін иеленді. Соғыстар жиі болып отырғандықтан жауынгерлердің рөлі ерекше болды. Тек б. з. б ХV ғ. Ашшур қала - мемлекеті көтеріле бастады. Бұған ең алдымен көрші мемлекеттердің әлсіреуі әсер етті. Ашшурдың әскербасылары мен көпестердің рөлі артты. Оларға сүйенген билеуші бар билікті өз қолына алып, патшаға айналды. Ал оның патшалығы Ассирия деп аталды. Ассирия билеушілері әскери іс пен соғыс өнерін дамытуға көп көңіл бөлді. Ассириялықтар үшін өткел бермейтін өзендерден де өту оңай болды. Олардың артықшылығы күтпеген жерден, тез соққы бере алатындығында.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История