Австрия мен соғыс интеллект карта ​

MrNazick MrNazick    2   17.02.2021 15:46    0

Ответы
natali2613 natali2613  17.02.2021 15:50

1848-49 жылдардағы соғыс - Италия халқының Австрия үстемдігіне қарсы азаттық соғыс. 1848-49 ж. итальян мемлекеттерінде өріс алған буржуазиялық революциямен тығыз байланысты болды. Австрия әскерлері Ломбардия мен Венецияда қуылғаннан кейін, Сардиния (Пьенмонт) корольдығы Австрияға қарсы соғыс жариялады (1848 ж. 25 наурыз). Бірақ революцияның өрлеуінен қорыққан билеуші топтардың опасыздығынан1848 ж. 25 шілдеде Кустоца іргесінде итальян әскерлері жеңілді. Пьемонт королы Карл Альберт Австриямен масқаралық уақытша бітім жасасып, Ломбардинияны Австрияға қайтарды. Халық бұқарасының қысымымен Пьемонт королы 1849 ж. 20 наурызда соғыс қимылдарын қайта бастауға мәжбүр болды. 23 наурызда Новара тұсында Пьемонт әскерлері талқандалып, жаңадан жасасқан бітім (1849 ж. 6 тамыз) бойынша Ломбардиния мен Венеция Австрияның қол астында келді.


Австрия мен соғыс интеллект карта ​
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История