Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бері көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Ең қымбат қазынамыз – ана тіліміз, көк туымыз, елтаңбамыз, төл теңгеміз, дініміз, киелі шаңырағымыз. Келешекте де біз көздің қарашығындай сақтап, болашақтың бағдаршамы ретінде ұстанатын боламыз.
Дегенмен де, Қазақстан халқының 1991 жылы жасаған таңдауының тарихи күші – ата-бабаларымыздың, қайтпас қайсар батырларымыздың ғасырлар бойы аңсаған еркіндік, тәуелсіз елде, бір-бірімен татулықта, келісім мен бейбіт өмір сүру, кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын құру екендігін ұмытпауымыз керек. Кешегі желтоқсанның ызғарлы аязында әділдіктің алауын лаулатып, ел намысын ту етіп, ерлік танытқан аға-әпкелеріміздің қарсылығы азаттық үшін жасалған серпінді қадам екенін әрдайым айтып отыру өте маңызды. Сол жастарымыздың арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналып, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді.
Біз қазіргі ұрпақ сол кездегі жастардың жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпай, олардың істерін дәріптеп отыруымыз керек, және де тәуелсіздіктің қаншалықты қиыншылықпен келгенін есте сақтауымыз керек!