6. Әдебиет теориясы (Ga Мысал туралы түсінік Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, қысқа сюжетті, қызықты көркем шығарма. Мысал өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Мысал кейіпкері болып тек адамдар ғана емес, сонымен қатар аңдар да, жәндіктер де, хайуанаттар да әрекет жасайды. Мысалда автор оларға адамға тән қасиеттерді дарытып, жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды, асыл қасиеттер мен адамгершілікті, жақ- сылықты дәріптейді. Мысалда әрбір кейіпкер белгілі бір қасиеттің немесе бейненің иесі ретінде алынады. Мысалы: есек - топас, қасқыр – жауыз, қой — момын, түлкі — қу, айлакер бейнесінде суреттеледі. Осындай астарлы, тұспалдау арқылы суреттеуді әдебиетте алле- гория деп атайды. Мысалдар осындай тәсіл арқылы жазылады. Әр мысалдың тәрбиелік мәні бар түйінді ойы болады, ол мысалдың басында немесе аяғында беріледі. Сонымен, мысал дегеніміз - тәрбиелік мәндегі шағын аллегориялық шығарма. А.Байтұрсынұлы «Ақ жол». З.Қабдолов «Сөз өнері» Тапсырма Қазіргі заман кейіпкерлерін қатыстырып, өздерің мысал жазып көріңдер.