21.01.2021 Мағынасы әртүрлі сөздер омоним/
Ереже: Омонимдер біркелкі дыбысталып
айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа
сөздердің тобын білдіреді.
Мысалы:
Ара- жәндік
Ара - еңбек құралы
1-тапсырма
Омоним сөздерді табу.
1. Алма маған алма берді,
Жалғыз өзің алма деді.
2. Салма жесең аздап же деді,
Ыдысқа көп салма деді.
3. Шығарма жазып бітірдім,
Бұл сөзді естен шығарма.
2-тапсырма
Берілген омонимдерді пайдаланып сөйлемдер құра: қара, түс, жаз, бас.