$ 18-19. Еуропадағы орталықтанған мемлекеттердің құрылуы ХII-ХIV ғасырдың басында көптеген Еуропа елдерінде сословиелік-өкілдік монархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты. «Сословие» дегеніміз әлеуметтік топтар: шаруалар, феодалдар, дінбасылары, әскери адамдар, әкімшілік қызметкерлері, қала халқы. «Монархия» грек тілінен аударғанда «бір адамның билігі» дегенді білдіреді. Еуропаның көптеген елдерінің басшылары монархтар болды. Халық қолдаушылығына мұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып қабылдайтын. Бірте-бірте мұндай өкілетті билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы – «бас штаттар», Чехия мен Польшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.

1-тапсырма. Білімдеріңді тексеріңдер

Батыс Еуропа елдерінің бірігуін тездеткен жағдайларды анықтаңдар.
ХI-ХIII ғасырлардағы сауданың дамуында маңызды рөл атқарған қалаларды атаңдар.
Францияның бірігуіне үлес қосқан корольдерге сипаттама беріңдер.
ХVI ғасырдың ортасында Испания мемлекеті неге әлсіреді?
Алла разы болсың​

K1p2r4f4 K1p2r4f4    1   20.01.2021 18:35    7

Другие вопросы по теме История