1. 1782-83ж.ж. кіші жүз жерінде қандай ауыр жағдай болды?
а) С.Датұлы балаларының өлтірілуі;
ә) Жұт (малдың қырылуы);
б) С.Датұлының қазақтар тұтқынында азапталуы.
2.1784ж. қарашада Сырым тобындағы қөтерілісшілер саны:
а) 1000-нан асты; ә) 1500-ге жуық; б) 2000-дай.
3. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім?
а) Императрица ІІ Екатерина;
ә) Князь Потемкин:
б) Барон Игельстром.
4. 1790ж. басында Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?
а) Кіші жүзде екі хандықтың орнауы;
ә) Қазақ отрядының Сырымға тірек болған ауылдарға шабуылы;
б) Патша өкіметінің көтерілісшілерді жазалау туралы жарлығы.
5. Жайықтың оң жағалауына қазақтардың қөшіп-қонуына рұқсат берген патша жарлығы қашан шықты?
а) 1797ж. ә) 1800ж. б) 1801ж.