KL – шеңбердің жанамасы. LOK үшбұрышының OL қабырғасының ұзындығын табыңыз.
[4.
Шеңберге іштей CВD теңбүйірлі үшбұрышы сызылған. Үшбұрыштың CD табанының ұзындығы шеңбердің радиусына тең. СB, ВD және СD доғаларының өлшемдерін анықтаңыз.
[5]
Шеңбер бойында жататын A нүктесі арқылы AB диаметрі мен AC хордасы жүргізілген. AC =8 және BAC =30°. АВ диаметріне перпендикуляр СМ хордасы жіргізілген және олар К нүктесінде қиылысады. CM хордасының ұзындығын табыңыз.
[5]
Салу есебі:
а, b және с қабырғалары бойынша үшбұрыш салыңыз.
салынған үшбұрышта үлкен қабырғаға түсірілген орта перпендикулярды салыңыз.
[6]