72. квадраттың ауданы 1-ге тең. төбелері осы квадраттың қабырға-
ларының орталары болатын жаңа квадраттың ауданын табыңдар.
73. периметрі 10 м, ал ауданы 6 м болатын тіктөртбұрыштың
қабырғаларын табыңдар.
74. қабырғалары 10 см және 4 см, бір биіктігі 5 см болатын
параллелограмның ауданын табыңдар.
75. қабырғасы 6 см және бір бұрышы: а) 120'; ә) 135'; б) 150 болатын
ромбының ауданын табыңдар.
76. параллелограмның ауданы 40 см-ге, қабырғалары 5 см және
10 см. оның биіктігін табыңдар.
77.тіктөртбұрыш пен параллелограмның сәйкесінше қабырғалары тең.
параллелограмның ауданы тіктөртбұрыштың ауданының жарты-
сына тең болса, параллелограмның сүйір бұрышы қандай болады?
78.теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 5-ке, табаны 6-ға тең.
үшбұрыштың ауданын табыңдар.
79. үшбұрыштың ауданы 30-ға және бір қабырғасы 10-ға тең. осы
қабырғаға түсірілген биіктікті табыңдар.