72. а) Тіктөртбұрыштың периметрі 48 см. Оның қабырғалары- ның қатынасы 1:2 қатынасындай. Қабырғаларының ұзындықта-
рын табыңдар. ә) ABCD тіктөртбұрышының 4 бұрышының бис-
сектрисасы ВС қабырғасын 2 см және 6 см бөліктерге бөледі.
Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. б) Тіктөртбұрыштың кі-
ші қабырғасының оның диагоналіне қатынасы 1:2 қатынасын-
дай. Диагональдардың қиылысуынан пайда болған кiшi бұрышты
табыңдар.