20.1. а) ортақ нүктесі жоқ; ә) центрлес; б) сырттай жанасатын:
в) іштей жанасатын; г) қиылысатын екі шеңбер салыңдар.
20.2. Радиусы 3 см-ге тең шеңбер және оның центрінен 5 см қа-
шықтықта жатқан А нүктесі берілген. Центрі А нүктесі бола-
тын және берілген шеңбермен а) сырттай; ә) іштей жанасатын
екінші шеңбердің радиусын табыңдар.
20.3. Екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы 5 см. Егер ра-
диустары а) 2 см және 3 см; ә) 2 см және 2 см болса, олар бір-
біріне қатысты қалай орналасқан?
20.4. Екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы 2 см. Егер олардың
радиустары а) 3 см және 5 см; ә) 2 см және 5 см болса, олар бір-
біріне қатысты қалай орналасқан?
20.5. Радиустары 4 см және 6 см болатын шеңберлер а) сырттай; ә) іш-
тей жанасса, олардың центрлерінің арақашықтығы неге тең?
20.2 және 20.3 есептердің жауаптары