1. Берілген нүктеден төбесі ретінде шығатын қанша сәуле болуы мүмкін? 2. Берілген түзуде жататын, осы түзудегі берілген нүкте төбесі бо- латын қанша сәуле бар? В. АВ кесіндісінен С нүктесі алынған. АВ, АС, СА, СВ, ВА, ВС сәулелері арасынан сәйкес сәулелер жұбын атаңдар. А, В, С, D нүктелерін мына шарттар орындалатындай етіп тү- зудің бойында кескіндеңдер: а) С нүктесі А мен В нүктелерінің арасында, ал D нүктесі В мен С нүктелерінің арасында жатсын; ә) А нүктесі В және С нүктелерінің арасында, ал С нүктесі А мен D нүктелерінің арасында жатсын. Торкөз қағазға 2.7-суретте көрсетілгендей етіп CE сәулесі мен АВ кесіндісін салыңдар. СЕ сәулесінің С төбесінен АВ кесіндісіне тең СD кесіндісін салыңдар.