Пирамидалардын салынуы туралы шагын ангиме жазу​

logan9 logan9    2   21.10.2020 06:50    0

Ответы
bbigigitovadakit bbigigitovadakit  20.11.2020 06:51

Мысырдың ғажайып өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Солар арқылы көне мәдени-рухани байлық жөнінде біршама толығырақ мәлімет алуға болады.

Мысырдағы қашқындар

Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. IV мыңжылдықтарда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, біртіндеп қүл иеленуші мемлекеттер құрыла бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген Ніл дариясы енді қүл иеленушілердің меншігіне айналды.

Б. з. д. IV мыңжылдықтың екінші жарытысында Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет — Оңтүстік және Солтүстік патшалығы ірге көтерді. Б. з. д. III мыңжылдықта Солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстік патшалыққа бағынып, тұтас Мысыр мемлекеті құрылды. Осы кезеңде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып, қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды.

Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі — Нармер тақтасы.

Бұл өнер ескерткіші сол дәуірде болған белгілі тарихи кезеңді ашып көрсетеді. Тақтада Солтүстік патшалығын тізе бүктірген Нармер патшаның әскери жорығы, жеңісі айшықты бейнелермен шебер берілген. Тақтадағы мүсіншінің құрылымдық шешімі, тақта бетіндегі ұтымды бейнелік тәсіл көрген адамды бірден баурап алады. Бұл тарихи өнер көзі - Ежелгі Мысыр өнерінің ең бір айтулы ескерткіші болып табылады.

Гизадағы Хеопс пирамидасы. Б.з.б 2560 жылы салынған. Әлемдегі ең ежелгі пирамидалардың бірі.

Осыдан кейінгі кезеңдерде де Мысыр патшалығы нығайып, перғауындар билігі арта түсті. Бар байлықты қолдарына жинаған патшалар әулеті Мысырда ірі қалалар, ауқымды сәулет кешендері гибадатханалар ашуды қолға алды. Мұндай мәдени өзгерістер перғауын Жосердің тұсында кең етек алды. Сол кездегі Мысыр патшалығының орталығы, әлемдегі ең көне қаланың бірі Мемфис гүлденіп, өркендеді. Мемфисте сәулет өнерінің алғашқы үлгілері пайда болды. Дәл осы кезеңде Мысыр әдебиетінің алтын тамыры болып табылатын "Птаха" Құдайы туралы жазылған діни-философиялық шығарма өмірге келді. Сөйтіп, ғылымы мен өнері, әдебиеті, жаңа тұрпаттағы инженерлік құрылыстары барынша дамыды. Сол замандағы өркендеген мәдениет пен өнердің жемісі ретінде Жосер пирамидасы салынды. Жосер пирамидасы Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы болып табылады. Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны "сатылы пирамида" деп атады. Пирамиданың биіктігі 60 метрге дейін жетті. Мысырда мұндай алып құрылыстардың салынуы діни нанымға да байланысты болды. Бұдан ертеректе де Мысырда атақты, айбынды адамдардың, патшалардың бастарына алып ескерткіштер қою кең таралған. Олардың сенімі бойынша патшалардың басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желеп-жебеп отырады-мыс.

Екінші жағынан, перғауындар қарапайым халыққа өз үстемдігін жүргізу үшін, өздерінің құдіреттілігін таныту үшін де осындай ескерткіштер салуға мүдделі болды. Осы дәстүр Мысырдың сәулет өнерін өрі қарай дамытып, атақты пирамидалар дәуірін тудырды.

Жосер сәулет кешенінен бастау алған "пирамидалар дәуірі" б.з. д. VII ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Пирамидалардың ішіндегі ең әйгілі өрі атақтысы Хуфу (Хеопс) және Хафра (Хефрен), Менкаура (Мекерин) тұрғызылды. Ніл жағасындағы Гизе жазығында орналасқан осы үш пирамиданы "Гизе пирамидалар қорымы" деп атайды. Пирамидалар қорымындағы ең атақтысы — Хуфу (Хеопс) ғибадатханасы үлкен сәулет кешені. Оны Мысыр перғауыны Хеопс (б.з.д. III мыңжылдықтың бірінші жартысы) салдырған. Перғауын өзінің өмір бойы жинаған бар қазынасына осындай керемет құрылыс салғызып, тұрғындарға тарту еткен. Пирамиданы салдыру үшін он жыл бойы Ніл дариясының ішкі жазығына дейін жол төселген. Мыңдаған құлдардың ауыр еңбегі жұмсалған үлкен кұрылыс жиырма жыл бойы жүргізілген деген болжам бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География