К ск 3
1. Аумақтың ауданын анықта. Қандай аумақ халқының
тығыздығын анықтағың келетінін шешіп, осы аумақтың ше-
арасын анықта. Ол мемлекет, облыс немесе сен тұратын елді
мекен болуы мүмкін. Саған осы аумақтың шаршы километрмен
өлшенген ауданын табу қажет.
2. Халықтың санын анықта. Саған өзіңді қызықтырған
аумақ халқының саны туралы соңғы деректерді табу керек (ға-
ламторды пайдалан).
3. Халықтың тығыздығын анықта. Халықтың тығыз-
дығын есептеу үшін халықтың санын аумақтың ауданына бөлу
керек.
Жинақталған деректерді формуладағы орындарына
қой. Қажетті деректер - халықтың саны мен аумақтың ауданы.
Мысалы, елді мекенде 145 000 адам тұрады делік, ал бұл елді
мекеннің ауданы 9 км2. 145 000 : 9 деп жазып, халықтың санын
аумақтың ауданына бөл. Біз қарастырған мысалда әрбір шар-
шы километрге 145 000 : 9 = 16 111 адамнан келеді.