Географиялық бойлық - географиялық координаталардың бірі; бастапқы меридиан жазықтығы мен осы нүктеде не тіктеуіш сызық — астрономиялық бойлық арқылы не жер эллипсоидінің бетіне нормаль — геодезиялық бойлық арқылы өтетін меридиан жазықтығының арасындағы екі жақты бұрыш. Астрономиялық бойлықты аспан шырақтарын бақылаудан алынатын жергілікті уақытты дүниежүзілік уақытпен салыстыру арқылы анықтайды. Геодезиялық бойлық геодезиялық өлшеулер және жер эллипсоидінің бетінде есептеу арқылы анықталады. Бойлық бастапқы 0° меридианнан 360°-қа (немесе 0°-тан 180°-қа дейін шығысқа және батысқа қарай) дейін есептеледі. Бойлықты сағат арқылы да көрсетеді (1 сағат 15° бойлыққа тең).[1]