Дүниежүзінің қай аймақтарында әртүрлі топтағы елдер бар? ​

ghjcvsdhcs ghjcvsdhcs    1   26.01.2021 09:17    23

Ответы
bringm1 bringm1  25.02.2021 09:18

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көмір, тау-кен өндірісі, металлургия, темір жол көлігі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомобиль жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География