Анторпегендік тұрткіжайт сипаттамасы деген не?

saididag saididag    1   25.11.2020 08:08    2

Ответы
sweetk sweetk  25.12.2020 08:09

Антропогендік жүктеме — адамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне (ландшафтқа, табиғи ресурстарға, тіршілік иелері түріне) тікелей және жанама ықпал әсерінің дәрежесі. Антропогендік жүктемеге экожүйеге кіретін (аңшылық, балық аулау, дәрілік өсімдіктерді жинау, ағаштарды кесу) түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану (суқоймаға өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауылшаруашылық ағындыларының төгілуі, атмосферадан салынды қатты заттектердің немесе қышқыл жаңбырлардың, т.б. түсуі), т.б. жатады. Егер антропогендік жүктеме жылдан - жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе, экологиялық сукцессияға себеп болады. Табиғатты ұтымды пайдалануда антропогендік жүктеме экологиялық нормалау көмегімен экожүйеге қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География