?! 1. Батыс Рим империясы қашан құлады? 2. Батыс Рим империясының әлсіреуіне себеп болған жағдайларды анықтаңдар. 3. Хрестоматиядағы Тациттің еңбегіне сүйеніп, ежелгі германдықтардың шаруашылығы мен тұрмысы жайлы кесте жасаңдар. 4. Кельттер мен германдықтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығын салыстырып, сипаттама беріңдер. 1. IV ғасырдың аяғында Батыс Рим империясының құрамына кірген жерлер (тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін) а) Солтүстік Африка ә) Мидия б) Бактрия в) Кіші Азия г) Кушан ғ) Парфия д) Сирия е) Урарту 12