Жаттығу 1. Екі автобус бір бағытта қозғалады. Олардың жылдамдық модульдері
сәйкесінше 90 км/сағ және 60 км/сағ. Бірінші автобустың екінші автобуска
қатысты және екіншінің бірінші автобусқа қатысты жылдамдығы неге
тең?
2. Екі параллель теміржол бойымен бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз
72 км/сағ және 108 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Бірінші
пойыздың ұзындығы 800 м, екіншісінің ұзындығы 200 м. Қандай уақыт
аралығында бірінші пойыз екінші пойыздың жанынан өтеді?