ТІРЕК КОНСПЕКТ Температура -макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама
Термометр – температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал.
Температураны термометрдегі термометрлік заттың көлемі бойынша анықтайды.
Атмосфералық қысымдағы таза судың қайнау және қату температуралары айырымының жүзден бір бөлігі градус деп аталады.
Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273,15 С-қа тең. Ол температураның абсолют нөлі деп аталады. ХБЖ-де температураның өлшем бірлігі КЕЛЬВИН
T=(t+273) К
Барлық термометрлерде негізгі екі нүкте мұздың еру және судың қайнау температураларын белгілеу қажет
0 мен 100 нүктелері арасындағы шкаланы бірдей 100 бөлікке бөледі, оларды градустар деп атайды
Мұндай температуралық шкалалар швед астрономы А.Цельсий есімімен Цельсий шкаласы деп аталады
1724 жылы Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фаренгейт ұсынған. Реперлік нүктелер:0 F - 1709 жылы ерекше суық қыстың температурасы (бұл температураны мұз, су ерітіндісі мен мүсәтірдің қосындысы арқылы алды), 32 F- мұздыңеру температурасы, адам денесінің қалыпты температурасы - 98 F .Бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы - 212 F .Фаренгейт шкаласын АҚШ - да пайдаланады.
1730 жылы француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 0 Р - мұздың еру температурасы , 80 Р - судың қайнау температурасы .1742 жылы швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 0 С - мұздың еру температурасы, 100 С - судың қайнау температурасы .Цельсий шкаласы бойынша алынған температура мен Фаренгейт шкаласы бойынша алынған температураны былай байланыстырады: t С =5/9 (t F - 32), мұндағы 1 F= 5/9 C.
Есептер:
1. -20 0С; 1250С температура мәндерін кельвинге ауыстырыңдар.
2. 50К;673К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа айналдыр.
3. Арктиканы зерттеушілер неліктен сынапты термометрді емес спиртті термометрді пайдаланған ?
4. 960С; -370С температура мәндерін кельвинге ауыстырыңдар.
5. 300К; 273К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа түрлендіріңдер.
6. Абсолют температураның шкаласы бойынша дені сау адам денесінің температурасы неге тең?
7. -10 0С; 1210С температураға сәйкес келетін абсолюттік температураны анықтаңдар.
8. 4К; 250К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа түрлендіріңдер.
9. Дене температурасы 250С-тан 750С-қа дейін артса,онда оның бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы қанша есеге өзгереді?
10. -73 0С; 800С температураға сәйкес келетін абсолюттік температураны анықтаңдар.
11. 347К; 250К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа түрлендіріңдер.
12. Неліктен бөлме температурасында медициналық термометрдің құтысы сынаппен толық толтырылмағанын түсіндіріңдер