Төмендегі суретте жарық сәулесінің ауадан суға өтіп жатқаны көрсетілген. Сынған сәуле мен нормаль арасындағы бұрыш 40°. Ортаның сыну көрсеткіші n=1,33. Түсу бұрышының шамасын анықтаңыз (2 ұпай: формула мен жауап үшін)
Фокустық қашықтығы 20 см болатын линзаның көмегімен экранда линзадан 1 м қашықтықта орналасқан заттың кескіні алынған. Зат линзадан қандай қашықтықта орналасқан? (2 ұпай: формула және жауап үшін)
Сфералық ойыс айнаның көмегімен алынған заттың кескіні шын, үлкейтілген, төңкерілген. Зат сфералық айнадан қандай қашықтықта орналастырылғандығын анықтаңыз (1 ұпай)