Сурактар
1. Кандай шарт орындалғанда козғалмайтын ось теніретінде айнала алатын дене
тепе-теңдікте тұра алады? Моменттер ережесі калай оқылады?
2. Теңиінді таразылар мен ондық таразылардың жұмыс істеу принциптері қандай?
Иінді таразылар кандай мақсаттар үшін қолданылады?
3. Кандай шарттар орындалғанда теңиінді және ондық таразылар тепе-теңдікке
келеді?
4. Иінді таразынын Ай бетіндегі көрсетуі мен жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола
ала ма? Жауаптарыңды дәлелдендер.
5. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс істей ала ма?
6. Бір ғана гір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның
жұмыс істеу принципі қандай?
Практикалык тапсырма
Сендерге мына құралдар беріледі (сурет 5.26)
(жоқтарын жинап аласыңдар): сызғыш-иіндік,
сым тұзағы бар массасы 10 г гір, массасы белгісіз
дене (мысалы, саф алтыннан жасалынды деген
бұйым). Осы дененің массасын анықтаңдар. Алған
нәтижелеріннің дұрыстығын таразыда өлшеу арқылы
тексеріндер. Бұйымның саф алтыннан жасалғанын
қалай анықтауға болады? Тәжірибе жасап көріңдер.
Сурет 5.26