Сұрақтар 1. Қандай жағдайларға байланысты жылу алмасу құбылысы орын ала-
ды? Жылу алмасу процесінде денелердің күйін сипаттайтын қандай
физикалық шамалар өзгереді?
2. Температура ұғымының физикалық мағынасын қандай жолмен ашуға
болады? Температура ұғымы қалайша тұжырымдалады?
3. Термометр деп қандай аспапты атайды? Оның жұмысы заттардың
қандай қасиеттеріне негізделген? Заттардың температураға байланысты
көлемдерін өзгертуге қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
4. Цельсий шкаласында қандай нүктелер негізгі нүктелер деп аталады,
олар қалай таңдалған?
5. Температураның физикалық мағынасы нені білдіреді және қалай
тұжырымдалады? Температураны өлшеу әдісі не нәрсеге негізделеді?