Массасы 500 г тас жер бетінен 10 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылды. Оның лақтырылу
кезіндегі кинетикалық энергиясын, ең жоғары көтерілу биіктігіндегі потенциалдық энергиясын және
ең жоғары көтерілу биіктігін есептеңіз. Ауа кедергісі ескерілмейді. g = 10 Н/кг деп алыңыз.
(Есеп шығару барысында мыналарды білу керек. Кинетикалық энергияның теңдеуі. Потенциалдық
энергияның теңдеуі. Механикалық энергияның сақталу заңы.)