Лу технологиялары да диффу- зия құбылыстарына сүйенеді.
Диффузия құбылысының тигізетін зияны да зор. Химия өнеркәсібінде,
радиоактивті заттарды өңдейтін қондырғыларда, жылу электр стансы-
ларында, іштен жанатын қозғалтқыштарда, мұнай өңдейтін зауыттарда
денсаулыққа аса зиянды әртүрлі өнімдер мен қалдықтар сыртқы ортаға
шығарылады. Олар диффузия арқылы дем алатын ауаға, ішетін суға,
жейтін тағамдарға тарап, адамдар мен жан-жануарлардың ағзаларында
қатерлі өзгерістер туғызып, зор зардап шектіреді. Ал оларға темекінің
түтіні, арақ пен есірткінің дәмі қосылса, адамды жылдам аздырып, оның
өмір жасын бірнеше ондаған жылдарға қысқартады.
?
Сурактар
1. Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қалай тұжы-
рымдалады?
2. Жылулық қозғалыс деп қандай қозғалыстарды айтады?
3. Броундық қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз? Броундық қоз-
ғалысты неліктен жылулық қозғалыс деп атайды?
4. Диффузия деп қандай құбылысты атайды, ол нені дәлелдейді?
5. Диффузияның жылдамдығы қандай жағдайлар мен шамаларға тәуелді
өзгереді?
6. Металдардағы диффузия құбылысының ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
Неліктен монокристалдарда диффузия құбылысы байқалмайды?
7. Диффузияның пайдалы және зиянды жақтары қандай?